2 - республикалық KATEV қазақ тілі олимпиадасының І облыстық кезеңі туралы мәлімет
Мемлекеттік тілдің 21 жылдығына орай 2010 жылғы 26-27 ақпан күндері Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы, KATEV Халықаралық қоғамдық қоры және қазақ-түрік оқу орындарының ұйымдастыруымен жалпы орта білім беретін мектептердің қазақ тобында және өзге ұлт топтарында оқитын 7,8,9,10,11- сынып оқушылары арасында 2 - республикалық KATEV қазақ тілі олимпиадасының І облыстық кезеңі өтті.
Олимпиаданың мақсаты – Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, оны дамыту, әрі қазақ тілі бойынша ерекше дарынды оқушыларды анықтау және оларға қолдау көрсету.
Олимпиадада оқушылардың қазақ халқының тілі, әдебиеті, салт-дәстүрі, тарихы, мәдениеті секілді ұлттық құндылықтарға деген қызығушылығын арттыру, тұлғаның өзін-өзі дамытуына және қабілетін ұштауға ықпал ету міндеттелді.
Олимпиаданың ұйымдастыру комитеті:
Салтык Февзи – дарынды ер балаларға арналған қазақ-түрік мектеп-интернатының директоры
Йылдыз Синан – Айша бибі атындағы дарынды қыз балаларға арналған қазақ-түрік
мектеп-интернатының директоры
Омаров Бақытжан – Жамбыл қазақ-түрік есеп-экономикалық колледжінің директоры
2 – республикалық KATEV қазақ тілі олимпиадасының І облыстық кезеңі қазақ тіл білімі, мәнерлеп оқу, ән айту, сахналық қойылым, ғылыми жоба және өлкетану бағыттары бойынша өтті.
Олимпиаданың 6 бағыты бойынша қазылық ету үшін Жамбыл облысы әкімдігінің тіл басқармасынан, М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінен, Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Тараз институтынан, Тараз Мемлекеттік педагогикалық институтынан білікті мамандар, ғалымдар шақырылды. Бұл олимпиаданың биік дәрежеде өтуіне тіл жанашырлары «НұрОтан» Халықтық демократиялық партиясының Жамбыл облыстық филиалы, Жамбыл облысы әкімдігінің тіл басқармасы, Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы, М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Тараз институты, Тараз Мемлекеттік педагогикалық институты өзіндік үлестерін қосып, жүлделі орын алған оқушыларға сыйлықтарын табыс етті.
Жеңістерің құтты болсын!
2009 жылдың Желтоқсан айының 2-11 аралығында Әзірбайжан республикасының Баку қаласында өткен Жаратылыстану пәндері бойынша жасөспірімдердің Халықаралық ғылыми олимпиадасында Тараз қаласындағы дарынды ер балаларға арналған қазақ-түрік мектеп-интернатының 9А сынып оқушысы Өмірзахов Қайсарбек және 9Б сынып оқушысы Мыңтай Ернар химия, физика, биология пәндері бойынша 3 орынға ие болды.